Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Air Liquide басшылығымен ПМХЗ-да сутегі қондырғысын салу жобасын талқылады

30.04.2024

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Air Liquide компаниясының вице-президенті Филипп Кристодулумен кездесті.

Тараптар Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) сутегі қондырғысын салу туралы бірлескен жобаның бүгінгі мәртебесін қарады.

ҚМГ мен Air Liquide Eastern Europe S.A арасындағы ынтымақтастық туралы келісім 2022 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында жасалған болатын. Былтыр Астана халықаралық форумы барысында тараптар жобаның ресми басталғаны туралы құжатқа қол қойды. Сутегі өндірісіне арналған қондырғы ПМХЗ-ға жыл сайын 160 мың тоннаға жуық қысқы дизель отынын шығаруға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» Air Liquide компаниясының еліміздегі көп жылғы қызметінің нәтижесінде орнаған өзара тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Біз француз серіктестерімізбен мұнай өңдеудегі жобалар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды көздейміз», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Анықтама:

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС — Air Liquide пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының бірлескен кәсіпорны, компаниялар үлесі тиісінше 75% және 25%. Негізі 2016 жылы құрылды. 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында, 2021 жылдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында сутегі мен азот өндіру қондырғыларының жұмысын табысты жүргізіп келеді. Одан бөлек, ЭЛМТГ 2021 жылдан бастап Атырау қаласы маңындағы Қарабатанда жаңадан салынған азот өндіру қондырғысында өнеркәсіптік өндірісті бастады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>